Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жасалған жұмыстар
10.10.2024ж күні кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа жол бермеу, кәмелетке толмағандармен орын алатын жазатайым оқиғалардан сақтандыру, оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу", "Нашақорлық-қауіпті індет, алдын-алу міндет ", "Жол көлік жарақаттануының алдын-алу " тақырыбында 9-11 сыныптарға жиналыс болып өтті. Жиналысқа мектеп инспекторы Е. Халмурзаев қатысты.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, синтетикалық есірткінің зияны, жыныстық тиіспеушілікке қатысты, жасөспірімдердің нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру, түнгі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің сағат 22:00-06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде яғни, мейрамхана, тойхана, кафелерде заңды өкілінсіз жүрмеу керектігі, сағат 23:00-06:00-ге дейін мекен-жайдан түнгі уақытта ата-анасыз жүруге болмайтындығын, жолда жүру ережелерін сақтап жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүріп жол қауіпсіздігін сақтауды, көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынатындығын, әлеуметтік желілерде танымайтын бөгде адамдармен сөйлеспеуге, зорлық-зомбылық мәселесі туралы, кибербуллингке тап болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлап айту туралы түсініктер жүргізді.
https://www.facebook.com/share/p/FY7tLHcX8A1uApvw/
10 қазан күні "МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ" өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектеп парламентінің президентті Тастемиров Мағжан өз жоспарымен таныстырды.
Мақсаты: "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру.
https://www.facebook.com/share/p/2qHPc6pVPFvs7UeU/
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
"22 жалпы білім беретін мектеп» КММ – де 10.10.24ж директордың тәрбие жөнінде орынбасарларының жоспарына сәйкес қыздар ұйымының жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер.
1.Мектептің ішкі тәртіп ережесі
2.Құықбұзушылықтың, әлімжеттіліктің, ертежүктіліктің, булингтің алдын-алу.
Жиналысқа 8- 11 сыныптың қыздары қатысты.
Мектеп формасы мен қыздарға тән ережелермен таныстырды. Жылдық жоспарға сай жұмыс жүргізілетінін хабарлады.
Мақсаты: қыздардың тәртібі мен тәрбиесін қадағалау. Қыз балаға тән әдет – ғұрыптарды насихаттау. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
#Қыздар _жиналысы