ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҮШТІК ОДАҚ
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Бүгін № 22 ЖББмектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру және ата-аналардың мұғалімдермен байланысын арттыруға бағытталған жиынға мектеп әкімшілігі, ата-аналар, психолог мамандар, пән мұғалімдері қатысты.
Мектеп директоры Кусаинова Зәуре Әбдікәрімқызы білім ордасының жеткен жетістіктеріне тоқталып, ата-аналарға алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, "Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұртаев Андрей Өтенұлы "Бала тәрбиесіне байыппен қарайық" тақырыбында ата-аналарға кеңес берді және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,кітаппен дос болу жолдарын түсіндірді.
Мектеп психологы Көлдеубаева С. ата-аналарға баланың бойындағы өзгерістерді байқау мен олардың әлеуметтік желідегі парақшаларын қадағалау жөнінде кеңестер берді.
Жиын барысында арнайы дайындалған бейнероликтері көрсетіліп, кері байланыс жүргізілді.
Жиналыста Қалалық білім үйлестіру орталығының маманы Умарбаева Н. М. Жаңаөзен қалалық УПИ полиция Капитаны Бекзат Абдраймович құқық бұзушылық пен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіліктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, отбасындағы құндылықтар, ұля телефондағы ойындардың бала өміріне қауіпі туралы түсіндіріп, ата-анамен пікір алмасты.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid028gv2YQUr56E1gnibQtyxfv1KfepLBtBiJCd3usedb52799wUqE4QZEcsRPSDso1nl&id=100028599738773