Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде төмендегі бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 педагог /тұрақты орын, апталық жүктеме 16 сағ/
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2 педагог  /тұрақты орын, апталық жүктеме 16 сағ/
  • Шет (ағылшын) тілі пәні мұғалімі – 3 педагог     /3 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Математика пәні мұғалімі - 4 педагог  /тұрақты орын, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Информатика пәні мұғалімі – 2 педагог /1 тұрақты орын, 1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Физика пәні мұғалімі – 2 педагог  /1 тұрақты орын, 1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Тарих пәні мұғалімі – 2 педагог   /1 тұрақты орын, 1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • География пәні мұғалімі – 1 педагог  /1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Химия пәні мұғалімі – 1 педагог  /1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Биология пәні мұғалімі – 1 педагог  /1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Көркем еңбек пәні мұғалімі –2 педагог /2 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2 педагог    /1 тұрақты орын, 1 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • МАД тобы мұғалімі – 2 педагог /1-тұрақты, /1- бала күтіміндегі маман орнына уақытша/
  • Бастауыш сынып мұғалімі – 5 педагог /5 бала күтіміндегі маман орнына уақытша, апталық жүктеме 16 сағ /
  • Тәлімгер – 1 штаттық орын /1- бала күтіміндегі маман орнына уақытша/

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейн епрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

119. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

120. Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19-27.08.2024жыл.         Өтетін күні: 28.08.2024ж

https://www.facebook.com/share/p/Xpz2137JvquoPPmz/