№3 педагогикалық кеңес өткізілді
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.(К.Д.Ушинский)
05.01.2025 жыл күні №22 жалпы білім беретін мектепте «2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша қорытынды» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы. Әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – дейді Жүсіпбек Аймауытов.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1.ІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы.Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен үйден оқыту бойынша жұмыс құжаттарды реттеу.
Оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Қожанова
2. ІІ тоқсан бойынша «Мектеп еду» журналының толтырылуын қорытындылау.
Оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Муханова
3.Мұғалімнің балалармен, басқа мұғалімдермен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату және қолдау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату, қажетті уақытта тиісті ықпал ету шараларын таңдау мүмкіндіктерін бағалау
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Джарылгасова
4. Білім сапасын арттыру және оқушыларды ынталандыру бойынша мұғалімнің жұмыс сапасына баға беру
Мектеп әдіскері Б.Т.Ужазова
5. 2024/2025 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша олимпиада мен ғылыми жобалар нәтижесі.
Бейіндік әдіскер: Асавова А
6. Мектеп қызметкерлерінің кәсіптік одағының есебі
Кәсіподақ төрайымы: Утарова И
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы қаралып, қаулы қабылданды. Сонымен қатар ағымдағы мәселелер туралы айтылды.