“Жоғары Агротехникалық Колледжі”
07.03.25ж мектебімізге “Жоғары Агротехникалық Колледжі” келіп 9-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта ақпараттық және күрделі технологияларда сапалы білім алу ерекше маңызды. Ол бүгінгі күні жоғары бағаланады және үнемі сұранысқа ие болады. Колледж бiлiмi - бiздiң өмiрiмiздiң әр түрлi салаларында болашақ бiлiм мен берiк мансапты дамытудың берік іргетасы. Біздің бітірушілерді сапалы дайындауды білікті оқытушылар және жақсы материалдық-техникалық база қамтамасыз етеді. Колледждің көптеген жетістіктері мұғалімдер мен студенттердің жалпы жетістігі болып табылады.
Кітапхана қорын кәсіптік бағдар беру бұрышы
Кітапхана қорын кәсіптік бағдар беру бұрышы – бұл оқырмандарға өз мамандығын дұрыс таңдауға, болашақта кәсіби жолын анықтауға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған арнайы бөлім. Мұнда оқушылар үшін әртүрлі мамандықтар туралы ақпараттар, әдістемелік құралдар, кітаптар мен журналдар орналастырылып, кеңес беру материалдары ұсынылады.
Мамандықтар туралы кітаптар – әртүрлі сала мамандықтары туралы толық мәліметтер мен түсіндірмелер.
Кәсіптік бағдар беру кеңестері – мамандықты таңдау, өз қабілеттерін бағалау туралы кеңестер.
2-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары
Ерте жастан мамандықты анықтау мақсатында 2-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мамандық туралы түсінік жұмыстары – адамның кәсіби қызметі, оның таңдаған саласы немесе қоғамда атқаратын қызметі туралы ойлануға, зерттеуге арналған жұмыстар. Бұл жұмыстарда адам өзінің қызығушылығын, қабілеттерін, және мақсатын ескере отырып, өзіне лайықты мамандықты таңдайды, сонымен қатар, сол мамандықтың қоғамдағы рөлі мен маңызын қарастырады.
1-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары
Ерте жастан мамандықты анықтау мақсатында 1-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мамандық туралы түсінік жұмыстары – адамның кәсіби қызметі, оның таңдаған саласы немесе қоғамда атқаратын қызметі туралы ойлануға, зерттеуге арналған жұмыстар. Бұл жұмыстарда адам өзінің қызығушылығын, қабілеттерін, және мақсатын ескере отырып, өзіне лайықты мамандықты таңдайды, сонымен қатар, сол мамандықтың қоғамдағы рөлі мен маңызын қарастырады.
Жасанды Интелект Дәуіріндегі - Біздің болашақ
Жасанды интеллект (ЖИ) болашақта әлемді үлкен өзгерістерге ұшырататын маңызды сала болып табылады. Оның дамуы мен қолданылуы адамзат өмірінің көптеген аспектілеріне әсер етеді. Біз жасанды интеллект дәуірінде мынандай өзгерістерді күтуіміз мүмкін:
Жасанды интеллекттің дамуымен бірге, біз оған қалай бейімделуіміз керек, оның әсерлеріне қалай жауап беруіміз қажет екенін түсіну маңызды. Бұл — тек технологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық және этикалық өзгерістерді қамтитын үлкен өзгеріс кезеңі. 11-сынып оқушыларымен ДК Мұнайшы үйі өткен іс-шара Жасанды Интелект Дәуіріндегі - Біздің болашақ .
Жұмысшы мамандықтар жылы
Ішкі істер министрлігі (ІІМ) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірі, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыспен күресу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттерін атқаратын орган. ІІМ-нің негізгі міндеттері:
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қылмыстардың алдын алу және тергеу;
Заңсыз іс-әрекеттермен күресу;
Жол қауіпсіздігін бақылау;
Иммиграция және көші-қон саласындағы бақылау.
Министрлік қазақстандық полицияның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді. 11 сынып оқушыларының дүние жүзі тарихы және құқық таңдаған оқушылардың ГОВД барған сәті.
Дайындаған: Кәсіби бағдар беруші Аманова Анар Бисенбеевна
“Джон Голланд” сауалнамасын жүргізді.
Мектебіміздің педагог-психологы Көлдеубаева Сымбат және Кәсіптік бағдар беруші Аманова Анар 10 сынып оқушыларынан “Джон Голланд” сауалнамасын жүргізді.
Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, кәсіби бағытын анықтау. Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсіністіктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру.
Сенің кәсіби ой-ниетің
Бүгін мектебіміздің педагог-психологы Көлдеубаева Сымбат және Кәсіптік бағдар беруші Аманова Анар 9сынып оқушыларынан “Сенің кәсіби ой-ниетің” тақырыбында оқушылардан кәсіптік диагностика жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсіністіктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру.
Сауалнама қорытындысы бойынша кәсіби дәрежесі қандай, қандай жоспарларды жүзеге асырып, қандай кедергілерді жеңетінін болашақ жоспарларымен бөлісіп мамандық бойынша сауалнама жүргізілді.
Мың мамандық бәрі бар! Таңдап, талғап, бірін ал
«Мың мамандық бәрі бар! Таңдап, талғап, бірін ал!» тақырыбында 2 - сынып арасында сурет салды. Суретке барлық оқушылар ат салысып қатысты. Оқушылар өздерінің қалаған мамандықтарын таңдап, сол бойынша суреттерін салды. Әр оқушы өздерінің жақын мамандықтарын таңдап, суреттерін салып тапсырды.
Жұмысшы Мамандарды Даярлаудың Жаңа Ағыны
15.01.24ж Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде “ Мектеп-Коледж: Жұмысшы Мамандарды Даярлаудың Жаңа Ағыны” облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинар Мемлекет басшымыз Қ. Тоқаевтың 2025 жылы - Жұмысшы мамандықтар жылы және 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатырған Экспперименттік білім беру бағдарлама аясында өткізілді. Эксперименттік білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары мектеп қабырғасынан шықпай, 10-11 сыныпта оқып жүріп-ақ колледжде де оқып, жұмысшы мамандығын алып шығумен ерекшеленеді.
Шара соңында қатысушылар ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, колледж ұжымына алғыстарын айтты.
Білімді Ұрпақ - Жарқын Болашақ
Білімді Ұрпақ - Жарқын Болашақ
17.01.2025 ж Жаңаөзен қаласында “ Жарқын Болашақ” білім беру бағдарламасының концерттік бағдарламасы өтті. Шараға “ ҚазМұнайГаз” ҰК Басқарма төрағасының Кеңесшісі Гүлшара Абдыхалықова, қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, “Жарқын болашақ” бағдарламасының қамқоршысы Рауан Кенжеханұлы қатысқан шара Мұнайшы МҮ-де үш тілде өткізілді. Сондай-ақ, қала активі мен ата-аналар педагогтер қауымы, жастар шақырылып, “Жарқын Болашақпен” қадам басқан жас ұрпақтың жетістіктері, өнері мен сахналық қойылымы паш етілді. Шараға 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері де қатысты қайтты.
Жарқын болашаққа нық қадаммен!
Жарқын болашаққа нық қадаммен!
“Жарқын Болашақ” бағдарламасы- Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарының 12-22 жас аралығындағы жастарын еліміздің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарында оқытуды көздейді.
9-сынып оқушыларына кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың қойылған сұрақтарына, нақты жауаптар берілді.