✨БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ✨

2025 жылдың 17 қаңтар күні Мұнайшы мәдениет үйінде “Жарқын Болашақ” білім беру бағдарламасының концерттік бағдарламасы өтті. Концерттік шараға “ҚазМұнайГаз” ҰК Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Абдыхалықова, қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, “Жарқын болашақ” бағдарламасының қамқоршысы Рауан Кенжеханұлы қатысты. Сондай-ақ, қала белсенділері мен ата-аналар, педагогтер қауымы, жастар шақырылып, “Жарқын боллашақ” бағдарламасы бойынша студенттік өмірге қадам басқан жас ұрпақтың жетістіктері, өнері мен сахналық қойылымы паш етілді.