«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАУЫСЫ: ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ФОРУМЫ
Әбіш Кекілбайұлы – қазақ әдебиетінде кемел ой, көркем сөзімен танылып, ешкімге ұқсамайтын, еш жерде қайталанбайтын өзіндік ерекше стильде жазылған мол мұрасын қалдырған біртуар жазушы.
20 желтоқсан күні заманымыздың заңғар жазушысы, қаламгер Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына орай Онды ауылының Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАУЫСЫ:
ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ
ҰЛТ РУХАНИЯТЫ» атты облыстық ғылыми-әдістемелік форумы болып өтті. Форумға жазушы шығармашылығын зерттеген ғалымдар мен зерттеушілер қатысып, Маңғыстау облысының мұғалімдері баяндама оқыды.
N 22 жалпы білім беретін мектеп директоры Құсаинова Зәуре Әбдікәрімқызы “Әбіш Кекілбайұлының қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармашылық мұрасы” тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тініқұл Зияда Нұрлыбекқызы “Әбіш Кекілбайұлы прозасындағы сакралды-ғұрыптық орындардың көрінісі” тақырыбында баяндама оқыды.
Баяндамашылармен пікір алмасулар болып, жазушы шығармашылығы хақында өрелі сөз қозғалды. Баяндамашылар Алғыс хатпен марапатталды.