2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру мақсатында өндірістік жиналыс өтті

Жиналыс барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық актілер, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқыту бағдарламасын іске асыру ерекшеліктері, білім берудегі цифрлық шешімдерді қабылдау, инклюзивті білім беру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тақырыптары талқыланды. Педагогтер көкейіндегі сұрақтарға жауап алумен қатар, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Әдістемелік нұсқау хат негізінде бірлестік жетекшілері мен сынып жетекшілерге, сондай-ақ пән мұғалімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

https://www.facebook.com/share/p/UfzoAbE8Kkd9PVca/