2024/2025 оқу жылына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
14.08.2024ж күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылған “2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру мақсатында өндірістік жиналыс өтті.
Жиналыс барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық актілер, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқыту бағдарламасын іске асыру ерекшеліктері, білім берудегі цифрлық шешімдерді қабылдау, инклюзивті білім беру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тақырыптары талқыланды. Педагогтер көкейіндегі сұрақтарға жауап алумен қатар, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Әдістемелік нұсқау хат негізінде бірлестік жетекшілері мен сынып жетекшілерге, сондай-ақ пән мұғалімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.