Ағымдағы жылдың 03 ақпан-07 ақпан аралығында "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" деген курстан өттік. Біліктілікті арттырудың бұл курсының ерекшелігі - командамен оқу болды: мектеп директоры Зәуре Құсаинова, мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Назгүл Қожанова, мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Бибиайша Ужазова және көшбасшы мұғалім Мархаба Кажгалиева. Курс тренері Нугербаев Төлеген Кәкімұлы курс материалдарын өте қызықты түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.Оқу командамен болғандықтан жеңіл болды, идеяға идея қосылып, айтылған ойға ой қосылып, курстың белсенді тыңдаушылары болдық. 5 күн аудиториялық кезеңде алған білімімізді мектеп практикасына енгізуге керемет зерттеу жобаларын жүзеге асырдық. Курста білім берудегі қазіргі заманғы трендтер зерделеніп, мектепті білім алушы ұйымға айналдыру жолдары және сол мектепті тиімді басқару, командалар арқылы жүргізу сияқты маңызды мәселелер қамтылды. Соның айғағы ретінде қатысушы 7 мектеп командасының мүшелері «әртүрлі тақырыптағы жобаларды жасап, оны шешу жолдарын қорғап шықты. Ендігі мақсат осы жерде жасалған жобаларды мектепте практикада іске асыру кезеңіндегі жұмыстары болмақ.