Қазан айы бойынша жетістіктер.

"АЛТЫН САҚА" МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ

5-6 сынып оқушыларына арналған мектепішілік "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 5 сыныптар бойынша 20 оқушы, 6 сыныптар бойынша 11 оқушы қатысты. Нәтижесінде І,ІІ орын алған оқушылар олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады.

https://www.facebook.com/share/p/ubMhkqKRwybA5bWM/

«АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ

3-4 сынып оқушыларына арналған мектепішілік «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 3 сыныптар бойынша 10 оқушы, 4 сыныптар бойынша 11 оқушы қатысты. Нәтижесінде І,ІІ орын алған оқушылар олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады. https://www.facebook.com/share/p/mNa54ceRPWN4djYE/

"МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ"

9-11 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінде "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Бозаева Азиза ІІІ орын, "Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар" номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ибрахимова Нұршат ІІІ орын иеленді.

Жүлделеріңіз құтты болсын! Мектеп ұжымы сіздерге жарқын болашақ тілейді!

Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Махметова Сандуғаш Серікқызы.

https://www.facebook.com/share/p/dHXQjSXRYEyYpR72/

Облыстық жетістік

10-12 қазан күндері Маңғыстау облысының мұғалімдер спартакиадасына Жаңаөзен қаласының командасы құрамында қатысқан мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері жүлделі орындардан көрінді.

Тоғызқұмалақ жарысынан:

Куанишов Оразбай

Волейбол қыздар жарысынан:

Комектесова Улболсын

Футзал ерлер жарысынан:

Амангельдиев Нұрболат және Нурахметов Аскар

https://www.facebook.com/share/p/bRk4o1J2LZcqkVfp/

Облыстық жетістік!

Ақтау қаласында өткізілген Маңғыстау облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік лигада - 55кг салмақ дәрежесінде каратэден 7 г сынып оқушы Бакарай Абдурахман жүлделі І орынға ие болып, Алматы қаласына жолдама алды. Абдурахманды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы сайыстардан тек сәттілік тілейміз!

https://www.facebook.com/share/p/UPz3RALUwSgAqm6e/

Алматы қаласында өткізілген Республикалық “ Бойтұмар.Kz” балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби- танымдық журналының және Халықаралық бойтұмар өнерлі балалар байқауының ұйымдастырлуымен өткен бәйгеде бақ сынап, Қолөнер номинациясы бойынша топ жарып, 1 орын алған 7 г сынып оқушысы Әділ Әсемайды құттықтаймыз!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid031JGHZiFGnXhU9qAbB39cQoK3EYgCDZRLq7FE3gEiTefueNR7D3m1JK8JHML5Qdnpl&id=100028599738773

«Алтын түлек» математикалық олимпиада

10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық VI «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі 2024 жылғы 16 қазан күні сағат: 10:00-де мектеп базасында өткізілді.Қорытынды нәтижесі бойынша І,ІІ орын алған оқушылар олимпиаданың екінші қалалық кезеңіне қатысады. Ал, қалалық (аудандық) кезеңге өткен оқушыларды платформаға тіркеу 2024 жылдың 17 қазаннан кейін жүзеге асырылады.

Оқушыларға сәттілік тілейміз!!!

https://www.facebook.com/share/p/Qqh6xFu4U8KFq3Vg/