Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап оның іс әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Сондықтан, мұғалімге қойылар талаптар ауқымы да үлкен: жеке көзқарасы бар, оны қорғай білетін,психологиялық- педагогикалық білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар оларды шебер қолдана білу, оқушыларды өздігінен оқып үйренуге бағыттау, болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт. Мектебіміздің дарынды балаларымен бірге ғылыми жобалармен жұмыстанып жүрген және кәсіби байқауларға қызығушылығы бар шығармашылық топтың мүшелері «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ақпараттық-аналитика бөлімінің басшысы Есенгалиева Гүлжахан Есенқосқызымен кездесті. Кездесу кезінде мұғалімдер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікір алмасты.