Білімді Ұрпақ - Жарқын Болашақ

17.01.2025 ж Жаңаөзен қаласында “ Жарқын Болашақ” білім беру бағдарламасының концерттік бағдарламасы өтті. Шараға “ ҚазМұнайГаз” ҰК Басқарма төрағасының Кеңесшісі Гүлшара Абдыхалықова, қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, “Жарқын болашақ” бағдарламасының қамқоршысы Рауан Кенжеханұлы қатысқан шара Мұнайшы МҮ-де үш тілде өткізілді. Сондай-ақ, қала активі мен ата-аналар педагогтер қауымы, жастар шақырылып, “Жарқын Болашақпен” қадам басқан жас ұрпақтың жетістіктері, өнері мен сахналық қойылымы паш етілді. Шараға 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері де қатысты қайтты.