«Дамушы қоғамның басты ресурсы – білімді адамдар ғана емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар» (Г.П. Щедровицкий).

Бүгін 31.10.2024 жыл күні №22 жалпы білім беретін мектепте «Кәсіби тәжірибе алаңы» тақырыбында педагогикалық кеңесі стандартты емес форматта өткізілді. Қазіргі заман білім беру мен кәсіби дайындықтың жаңа үлгілерін талап етеді. Педагогикалық еңбектің, білім беру мазмұнының, әлеуметтік-мәдени мән – мәтіндердің тез жаңаруына байланысты жаңа білім мен құзыреттілік алу қабілеті мұғалімдерге де қажет болады. Білім беру мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру үздіксіз сипатта болуы және мектептегі білім берудің жаңа мақсаттарына сай болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1. І тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы.Үйден оқыту бойынша оқу бағдарламаларының орындалуы.ҰБТ бойынша сынама тесттер нәтижелері. «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткерлерге оқушыларды ұсыну

Оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Қожанова

2. І тоқсан бойынша БЖБ,ТЖБ нәтижесін қорытындылау, талдау,0-дік қима қорытындыларын салыстыру,талдау.

Оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Муханова

3. І тоқсан бойынша «Мектеп еду» журналының толтырылуын қорытындылау.

Оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Муханова

4. «Біртұтас тәрбие» бойынша өткізілген іс-шаралар

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Джарылгасова

5. Жас педагогтардың кәсіби қиыншылығын анықтау.Жас мамандардың сабақтарына қатысу,мұғалім шеберлігінің шыңдалуы.

Hr-nobd.edu.kz платформасы бойынша жұмысқа қабылдану нәтижесі.

HR модулінде марапат бөлімінің толтырылуы.

Мектеп әдіскері Б.Т.Ужазова

6. Балалардың жеке ерекшеліктерін біле білу,қабілетін анықтау.

Педагог-психологтары С.Көлдеубаева, М.Дүйсенова

7. «Мектепке жол» акциясы. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтау қорытындысы.

Күнделікті ыстық тамақпен қамтылу жағдайының жай-күйі

Әлеуметтік педагог Ж.Б.Асенова

8. Мектепте «Жасыл мектеп» жобасының жүргізілуі, нәтижелер мен жоба бойынша іс-тәжірибенің таратылуы.

Жоба жетекшісі Урумова Қ.