Дарынды бала-кемелденген ұрпақ

Дарынды балалармен жұмыс жасау мұғалімнен үлкен ізденісті, көп еңбектенуді талап етеді. Барлық баланың ерекше қабілетін ашуда психолог мамандардың да зерттеулері маңызды. Ұлы ойшыл Плутарх: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді» деген екен. Осы сөзді ескере отырып, балаларды шығармашылыққа баулуда қажымай –талмай еңбек ету әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, өзінше ерекше ойлау қабілетін, қиындықтан аз күш жұмсап шыға білуді, адамдармен тіл табыса білу өнерін, өзін қоршаған жағдайларға тез икемделгіштікті, сезімталдықты талап етеді.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Осы мәселелерге жауап іздеп, ізденісте жүрген әріптестерімізге көмек ретінде Маңғыстау облысының білім басқармасының «КАСПИЙ ДАРЫНЫ» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» қолдауымен «Оқушыларды олимпиадаға, ғылыми жоба жарыстары мен шығармашылық бағыттағы жұмыстарға, робототехникаға дайындау бойынша әдістемелік көмек» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинар орталықтың ақпараттық-аналитикалық бөлімінің басшысы Есенгалиева Гүлжахан семинар мақсатымен таныстырудан басталды. Спикерлер Жаңаөзен БИЛ физика пәні мұғалімі, Жақсылықов Санжар Қайратұлы, Маңғыстау ауданының Ә.Кекілбаев атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Саржанова Кұнімкүл Аманқосқызы, Ақтау қаласындағы №21 жалпы білім беретін мектеп директорынынң орынбасары Жумаев Бекмуханбет Казмухамбетович, Ақшұқыр мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақниязова Рысгүл Түзелбаевна, «USTEM FOUNDATION» қоғамдық қорының жобалар жетекшісі Нұржанов Нұрлыбек Шыныбекұлы іс-тәжірибесімен бөлісіп, әдіс-тәсілдермен таныстырды. Семинар соңында мұғалімдер сұрақтар қойып, пікір алмасты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тініқұл Зияда мен Айтжанов Марғұлан өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша Ақниязова Рысгүл Түзелбаевнадан, биология пәні мұғалімі Урумова Қарлығаш өзі жетекшілік ғылыми жоба бойынша зерттеу мәселелері туралы Жумаев Бекмуханбет Казмухамбетовичпен сұхбаттасып, ақыл-кеңес алды.

Бұл семинардың әріптестерімізге, әсіресе, жас мамандарға берері көп болды. Семинар спикерлеріне шығармашылық табыстар тілейміз!