Ағымдағы оқу жылының 14-қазан күні,мектебімізде жоспарға сай оқушылардың жұмыс дәптерлеріне бақылау,тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексерудің мақсаты:жұмыс дәптерлерінің жүргізілу тәртібі,мұғалімдердің уақытылы тексеруі,дәптерлердің сыртын бірдей талапқа сай және арналған пәні көрсетіліп толтырылуы,сынып жұмыстар мен үй тапсырмаларының орындалуы,академиялық адалдық сақтала отырып уақытылы бағалануы,кемшіліктер үшін мұғалім тарапынан ескертулердің жазылуы.

Алдымен ,математика пәні бойынша қарастырдық.Тексеру барысында математика пәніне арналған жазба жұмыстарынан,ағымды және қорытынды бақылау,өздік жазба жұмыстары ,тест түріндегі білім деңгейін тексеру жұмыстарына арналған жазба жұмыс дәптерлерін көрдік.

Нәтижесінде: кейбір оқушылардың дәптерлерінің сырты толтырылмағандары,арнайы қаппен қапталмағандары анықталды. Пән мұғалімдеріне ескертулер жасалды.Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында тапсырмалар берілді.

Дәл осындай тексеру жұмыстары келесі пән бойынша жоспарға сай жалғасын табады.

ДОЖЖО: Муханова Айгерим Аманкосовна