PISA халықаралық зерттеуі бойынша байқау сынағы
2024 жылдың 28 қараша күні 8-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында PISA халықаралық зерттеу бойынша байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 92 оқушы қатысты. Тест тапсырмалары оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 33 сұрақтан құралған тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Тестілеуге қатысқан оқушылардың нәтижесі бойынша орташа пайыз - 53% көрсетті.