ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “N 22 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 02.09.2024 ж N237-нқ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезінде оқу-жаттығуларын орындау туралы бұйрығы негізінде төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығуын оқу жылында 4 рет өткізу жоспарланған.
Оқу жылындағы екінші оқу-жаттығуы қаңтар - заң және тәртіп айында, 20.01.2025ж күні өткізілді. Оқу-жаттығу өткізудің мақсаты: төтенше жағдайлар орын алған жағдайда қызметкерлер мен білім алушылардың дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету, барлық адамдарды қауіпсіз ортаға шығару. Ғимараттан қызметкерлер мен білім алушылардың эвакуациялануына 13 минут уақыт жұмсалды. Оқушыларымызға қауіпсіздік ережелері мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, әрқайсысы өз кезегінде тез әрі тиімді шығу жолдарын қолдана алды.
Жауапты мамандар бастапқы әскери дайындық жетекшісі Н.Қаржаубаевқа білім алушылар мен қызметкерлер туралы ақпарат берді. Н.Қаржаубаев өз кезегінде ТЖ штабының басшысы З.Құсаиноваға оқу-жаттығу барысында 675 білім алушы, 49 педагог және 22 кіші қызметкер мектеп ғимаратының қосалқы есіктері арқылы қауіпсіз алаңға шығарылғандығы туралы толық мәлімет тапсырды.
#ТөтеншеЖағдай #ДайындықЖаттығуы #Қауіпсіздік #МектепТәртібі #Оқушылар