Маңғыстау облысының білім басқармасының 19.11.2024 жылғы №05-20-2801 хатына орай, жылда дәстүрлі түрде 9-13 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік қолдауға жататын аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына арналған Жаңаөзен қаласы әкімінің атынан өткізілетін Жаңа жыл шыршасына «№ 22 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бөлініске сәйкес жаңа жыл шыршасына бұрын қатыспаған оқушылардың тізімін ескере отырып, 18 оқушыны қамқоршылық және бракераждық комиссияның қатысуымен құжаттары қаралып Жаңа жыл шыршасына баруға лайықты деп танылды. Жаңа жыл шыршасына қатысатын 18-оқушының тұрмыстық жағдайы тексеріліп, құжаттары тексерілді.