ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Бүгін №22 Жалпы білім беретін мектепте Полиция ардагері ДосахановАмангелді Төлебайұлы аты берілген ерекше сыныптың ашылу салтанатты өтті. Бұнда бесінші сынып оқушылары «Жас сақшы» деп аталатын жас полицейлер сыныбының оқушылары болды. Мұндай сыныпты құрудың мақсаты — балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесу болды дейді мектеп басшылығы.
Іс-шараға Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Табынчаев Өсербай Рысбаевич, Полиция басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айтымов Ерболат Санатұлы, сондай-ақ Досаханов Амангелді Төлебайұлының отбасы мен бірге мектеп ұжымы қатысты.
"Балалар болашақта құқықтық тәртіпті сақтауда елдің лайықты азаматтары болатынына сенімдіміз, өйткені олар қазірдің өзінде дұрыс жолда. Сіздерге жаңа оқу жылына сәттілік пен биік белестер тілейміз, ата-аналарыңның абройлы, өнегелі балалары болуыңызға тілектеспіз", — деді Полиция подполковнигі Ерболат Санатұлы
"Жас сақшылар" сыныбының оқушылары үшін полицейлердің үлгісі бойынша нысанды киім әзірленіп, тігілген. Ал сынып бөлмесі арнайы стендтермен, ерлікпен қаза тапқан полицейлерге арналған арнайы бұрышпен жабдықталған.