ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ”

2024 жылдың 24-қыркүйегінде жаңа оқу жылының басталуына орай “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:

Мектептің ішкі тәртіп ережелері және мектеп формасының сақталуы, балалардың қауіпсіздігі бойынша мектеп директоры З.Ә. Құсаинова;

”Оқушылар жетістіктері” - 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктер туралы директордың бейіндік жөніндегі орынбасары А.А. Асавова;

”Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы” - оқушылардың тәртібі жөнінде директордың ДТЖО Б.Е. Джарылгасова;

”Интернеттің қауіп қатері”. Жасөспірімдер арасында белең алған ғаламтордың зияндылығы жөнінде, суицидке итермелейтін ағымдардан арашалау жөнінде мектеп психологы С.А. Көлдеубаева

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен қылмысқа жол бермеу, кешкі уақыттағы оқушылардың қозғалысын шектеу мәселесі бойынша Жаңаөзен қаласының полиция бөлімінің жасөспірімдер инспекторы полиция аға лейтенанты Е.Халмурзаев айтып өтті.

https://www.facebook.com/share/p/QdP1tP2AdKKh1mX3/

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ