2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШЛІК КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ БАРЫСЫ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
30.10.2024 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы 72-оқушы қатысты. І орын алған оқушылар олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/share/v/Bp6RXe4jNBgZNz6n/
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жүлдегерлерін марапаттау
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне барлығы 69 оқушы қатысты.
І орын – 20 оқушы
ІІ орын - 20 оқушы
ІІІ орын – 17 оқушы
Барлығы: 57 оқушы марапатталды. І орын алған жүлдегерлерге олимпиаданың екінші кезеңіне сәттілік пен жеңіс тілейміз.
https://www.facebook.com/share/p/uLNW1KPoibgzfeMx/
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
05.11.2024 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы 79 оқушы қатысты. І орын алған оқушылар олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/share/p/o6vu4XLU7bUoDfr1/
5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жүлдегерлерін марапаттау
5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне барлығы 79 оқушы қатысты.
І орын – 12 оқушы
ІІ орын - 22 оқушы
ІІІ орын – 30 оқушы
Барлығы: 64 оқушы марапатталды. І орын алған жүлдегерлерге олимпиаданың екінші кезеңіне сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Жаңаөзен қалалық ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша олимпиада
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл, ҚР мәслихаттарына 30 жыл толуына орай "Ұлт болашағы: Мәслихаттар белесі және Әбіш даналығы" тақырыбында Жаңаөзен қалалық ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға № 22 мектептің 10-11 сынып оқушылары да қатысты. Олимпиада ережесіне сәйкес қалалық кезеңге әр мектептен, әр пәннен 10-11 сыныптан ұпайлары жоғары көрсеткіштегі 3 оқушы қатысады.
Химия пәні бойынша:
Эдилова Айдана 11-сынып оқушысы |
НысанАяжан 10-сынып оқушысы |
Алибек Фариза 10- сынып оқушысы |
Биология пәні бойынша:
Бексұлтан Аружан 10-сынып оқушысы
Қуанышева Ақжонас 11-сынып оқушысы
Мамбетова Алтынай 11-сынып оқушысы
Физика пәні бойынша:
Избасар Диляра 11-сынып оқушысы
Мақсут Қарақат 11-сынып оқушысы
Жангабай Нұрқасым 10-сынып оқушысы
География пәні бойынша:
Ибрахимова Нұршат 10-сынып оқушысы
Абай Нұрсұлтан 11- сынып оқушысы
Абдулла Мөлдір 10-сынып оқушысы
Математика пәні бойынша:
Жалғас Асель 11 сынып оқушысы
Исаханова Әдемай 10-сынып оқушысы
Наурызғали Алима 11- сынып оқушысы
Оқушыларға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз! https://www.facebook.com/share/p/QfZnxv6bmvLYHHSv/
PISA халықаралық зерттеуі бойынша байқау сынағы
PISA халықаралық зерттеуі бойынша байқау сынағы
2024 жылдың 28 қараша күні 8-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында PISA халықаралық зерттеу бойынша байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 92 оқушы қатысты. Тест тапсырмалары оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 33 сұрақтан құралған тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Тестілеуге қатысқан оқушылардың нәтижесі бойынша орташа пайыз - 53% көрсетті.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ-2025
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ-2025
28 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы филиалының басшысы Койшанова Корпеш Салырбаевна N22 жалпы білім беретін мектепте “Ұлттық бірыңғай тестілеу-2025” тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналысқа 11-сыныптар бойынша 30 оқушы, 10-сыныпта оқитын 33 оқушы, сонымен қатар сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысты.
Жиналыста тестілеуге қатысу ережелері, ҰБТ тапсыру мерзімдері, ұлттық тестілеу орталығына тіркелу, байқау сынақтарын тапсыру, т.б. туралы кеңінен түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа қатысушы педагогтер мен білім алушылар тарапынан ҰБТ-ге қатысты актуалды тақырыптар тұрғысында сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап алынды.
Жаңа жыл шыршасы
Маңғыстау облысының білім басқармасының 19.11.2024 жылғы №05-20-2801 хатына орай, жылда дәстүрлі түрде 9-13 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік қолдауға жататын аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына арналған Жаңаөзен қаласы әкімінің атынан өткізілетін Жаңа жыл шыршасына «№ 22 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бөлініске сәйкес жаңа жыл шыршасына бұрын қатыспаған оқушылардың тізімін ескере отырып, 18 оқушыны қамқоршылық және бракераждық комиссияның қатысуымен құжаттары қаралып Жаңа жыл шыршасына баруға лайықты деп танылды. Жаңа жыл шыршасына қатысатын 18-оқушының тұрмыстық жағдайы тексеріліп, құжаттары тексерілді.
ҰБТ бойынша байқау сынағы
ҰБТ бойынша байқау сынағы
2024 жылдың 5 желтоқсан күні 10-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында ҰБТ бойынша байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 33 оқушы қатысты. Дүние жүзі тарихы-ағылшын тілі - 3 оқушы, дүние жүзі тарихы-құқық негіздері - 8 оқушы, математика-информатика - 3 оқушы, математика-физика - 3 оқушы, биология-химия - 11 оқушы, биология-география - 1 оқушы, география-ағылшын тілі - 1 оқушы, қазақ тілі мен әдебиеті - 1 оқушы, орыс тілі мен әдебиеті - 2 оқушы бейін бойынша пәндерге таңдау жасады.
ҰБТ байқау сынағы
ҰБТ байқау сынағы
2024/2025 оқу жылына арналған ҰБТ-ге дайындық жоспарына сәйкес 10 желтоқсан күні 11-сынып білім алушылары U-study тест орталығында байқау сынағын тапсырды.
Тестілеуге 30 оқушы қатысты. Орта ұпай-58.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Нәтижесінде № 22 жббм 8 сынып оқушысы Бәйімбет Нұркәусар «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша қатысып І орынға ие болды. Облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Урумова Қарлығаш Кенжебековна.
9 сынып оқушысы Құрбан Айша математика секциясы бойынша ІІ орынды иеленді. Облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Математика пәні мұғалімі Таганиязова Назгүл.
11 сынып оқушысы Избасар Диляра қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша І орынға ие болды. Облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тініқұл Зияда. Облысқа өткен оқушыларға сәттілік тілейміз! https://www.facebook.com/share/p/bZtN7S4b9CJBNFza/
ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК
2024 жылдың 16 қараша күні Ақтау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. №22 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Құрбан Айша жүлделі ІІІ орынға ие болды (Математика секциясы); Жетекшісі: Тағаниязова Назгүл
Құттықтаймыз!!! №22 жалпы білім беретін мектеп ұжымы. https://www.facebook.com/share/p/XcyPPA48F5cQ39Fx/
"ЗЕРДЕ" республикалық зерттеу жоба конурсы.
Ағымдағы жылдың 23 қараша күні өткен 2-7 сынып оқушыларының “Зерде”республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша
4- сынып оқушылары Әжіғали Салихат, Серік Інжу ll орын. Облысқа жолдама алды.
Жетекшісі: Тинева Гүлден.
2) Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша
7- сынып оқушысы Оразбай Нұртас ІІІ орын
Жетекшісі: Айтжанов Мағұлан.
3) Информатика секциясы бойынша
4 сынып оқушысы Амангелді Дарын llІ орын
Жетекшісі: Нетбаева Гаухар.
4) Экология секциясы бойынша
7 сынып оқушылары Ақмолда Айару, Несібелі lll орын
Жетекшісі: Жумагалыева Құралай.
5) Ағылшын секциясы бойынша
4-сынып оқушысы Қонақбай Абылай ІІІ орын. Жетекшісі: Дүйсенбай Динара. 7-сынып оқушысы Тоқберген Дархан ІІІ орын. Жетекшісі: Әбиева Айгүл.
6) Физика, космос секциясы бойынша 7- сынып оқушылары Исабек Аружан, Камил Дильназ ІІІ орын.
Жетекшісі: Исембай Баянсұлу.
7) Медицина секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Қуанғали Батырхан ІІІ орын. Жетекшісі: Муханова Айгерим.
Құтты болсын жетістіктеріңіз! Облыстық кезеңге өткен оқушыларымызға сәтті жеңіс тілейміз!! https://www.facebook.com/share/p/swU654Bvis3JX2k7/
Сүйінші!!!
2-7 сынып оқушыларының “Зерде”республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша
4- сынып оқушылары Әжіғали Салихат, Серік Інжу І орын. Республикаға жолдама алды.
Жетекшісі: Тинева Гүлден.
2024 жылдың 11 желтоқсан күні 5-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында тоқсан бойынша аралық байқау сынағын тапсырды.
5-сынып білім алушыларына арналған ТОҚСАН БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
2024 жылдың 11 желтоқсан күні 5-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында тоқсан бойынша аралық байқау сынағын тапсырды.
6-сынып білім алушыларына арналған ТОҚСАН БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
6-сынып білім алушыларына арналған ТОҚСАН БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
2024 жылдың 17 желтоқсан күні 6-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында тоқсан бойынша аралық байқау сынағын тапсырды.
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАУЫСЫ: ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ФОРУМЫ
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАУЫСЫ: ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ РУХАНИЯТЫ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ФОРУМЫ
Әбіш Кекілбайұлы – қазақ әдебиетінде кемел ой, көркем сөзімен танылып, ешкімге ұқсамайтын, еш жерде қайталанбайтын өзіндік ерекше стильде жазылған мол мұрасын қалдырған біртуар жазушы.
20 желтоқсан күні заманымыздың заңғар жазушысы, қаламгер Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына орай Онды ауылының Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАУЫСЫ:
ӘБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ
ҰЛТ РУХАНИЯТЫ» атты облыстық ғылыми-әдістемелік форумы болып өтті. Форумға жазушы шығармашылығын зерттеген ғалымдар мен зерттеушілер қатысып, Маңғыстау облысының мұғалімдері баяндама оқыды.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ БОЙЫНША БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ БОЙЫНША БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
2025 жылдың 15 қаңтар күні 9-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында ББЖМ бойынша байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 100 оқушы қатысып отыр.