ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “N 22 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 02.09.2024 ж N237-нқ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезінде оқу-жаттығуларын орындау туралы бұйрығы негізінде төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығуын оқу жылында 4 рет өткізу жоспарланған.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ 6 КЕҢЕС
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ 6 КЕҢЕС
Кәсіптік бағдар беруші А.Аманова 11-сынып бітіруші түлектерге кеңес беру жұмыстарын жүргізуде. Мектеп бітіруші түлектерге ең алдымен мамандық таңдау бойынша кеңес берілді. Жалпы мамандық таңдауда нені ескеру керек екендігі түсіндірілді.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ҚАРАША АЙЫНДАҒЫ ОҚУШЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ
8-10 сынып оқушыларына арналған «Экоәлем» олимпиадасының қалалық кезеңінде
№ 22 мектеп 8 - сынып оқушысы
Қонысбай Рауан ІІІ орынмен
марапатталды.
Жетекшісі: Урумова Қарлығаш
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
Лингвистика олимпиадасы
8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып, № 22 жббм 10-сынып оқушысы Ибрахимова Нұршат ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Тиркешов Жеткизген.Құттықтаймыз! https://www.facebook.com/share/p/zcT4JBtjQRmWcVRZ/
Құттықтаймыз!
Ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында өткен “Ұлт болашағы: Әбіш даналығы және Мәслихаттар белесі” тақырыбы аясындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадада мектебіміздің оқушылары тамаша нәтижелерге қол жеткізді!
Математика пәні бойынша:
- ІІІ орын – Жалғас Әсел
- Жетекшісі: Дусенбаева Нурджемал
Биология пәні бойынша:
- ІІІ орын – Мамбетова Алтынай
- Жетекшісі: Урумова Қарлығаш
Бұл жетістік – оқушылардың тынымсыз еңбегі мен білімге деген ынтасының, сондай-ақ ұстаздарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызға және олардың жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жоғары белестерге жетулеріңізге тілектеспіз!
#МектепМақтанышы #ЖасДарындар #ЖаратылыстануМатематика https://www.facebook.com/share/p/z5JtwmqReU2AWTYE/
БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
2025 жылдың 17 қаңтар күні Мұнайшы мәдениет үйінде “Жарқын Болашақ” білім беру бағдарламасының концерттік бағдарламасы өтті. Концерттік шараға “ҚазМұнайГаз” ҰК Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Абдыхалықова, қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, “Жарқын болашақ” бағдарламасының қамқоршысы Рауан Кенжеханұлы қатысты. Сондай-ақ, қала белсенділері мен ата-аналар, педагогтер қауымы, жастар шақырылып, “Жарқын боллашақ” бағдарламасы бойынша студенттік өмірге қадам басқан жас ұрпақтың жетістіктері, өнері мен сахналық қойылымы паш етілді.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
31.01.2025 ж күні кәсіптік бағдар беруші А.Аманова Анар 9-сынып оқушыларымен “Мамандықты қалай таңдауға болады?” тақырыбында жеке сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында оқушыларға оқу үлгерімі туралы, мамандықты өз қалауымен таңдады ма, мамандық жайлы ақпараттар бар ма, ол мамандыққа жету үшін не істеу қажет деген сұрақтар төңірегінде сұхбат,әңгімелесу болды.
№3 педагогикалық кеңес өткізілді
№3 педагогикалық кеңес өткізілді
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.(К.Д.Ушинский)
05.01.2025 жыл күні №22 жалпы білім беретін мектепте «2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша қорытынды» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы. Әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – дейді Жүсіпбек Аймауытов.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
✨ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАММЕН✨
✨ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАММЕН✨
“Жарқын Болашақ” бағдарламасы Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарының 12-22 жас аралығындағы жастарын еліміздің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарында оқытуды көздейді.
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
✨КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ✨ 29.01.2025ж күні кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Жаңаөзен политехникалық колледжі “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” құзыреттілігі бойынша “Шоппер өз стиліңде жаса” тақырыбында шебер сыныбын өткізді.
TestAS
TEST
Қоңырау кесте 2024-2025 оқу жылы
«Бекітемін»
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№22 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің
директоры ______________ З.Ә.Құсаинова
«____»____________2024жыл
2024-2025 оқу жылына арналған қоңырау кестесі
Сабақ кесте 2024-2025 оқу жылы
«Келісемін» «Бекітемін»
Кәсіподақ төрайымы «№22 жалпы білім беретін мектеп»
__________ И.У.Утарова директоры___________ З.Ә.Құсаинова
«____»__________2024ж «____»__________2024ж
2024 – 2025 оқу жылының сабақ кестесі
Білім алушылар дәптерлерінің жүргізілуін бақылау
Ағымдағы оқу жылының 14-қазан күні,мектебімізде жоспарға сай оқушылардың жұмыс дәптерлеріне бақылау,тексеру жұмыстары жүргізілді.