Mektep.edu.kz электрондық журналын тексеру
7- 10 қазан күндері аралығында мұғалімдердің Mektep edu kz электрондық журналы тексерілді.
2024\2025 оқу жылының қазан айындағы жетістіктер
Қазан айы бойынша жетістіктер.
"АЛТЫН САҚА" МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ
2024/2025 оқу жылына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру мақсатында өндірістік жиналыс өтті
2024\2025 оқу жылы қыркүйек айындағы жетістіктер
"Білгірлер бәйгесі" QUIZ ойынынан "Жастар" командасы қатысып, III-орынды қанжығаларына байлады.
Мектеп әдіскерінің жылдық жоспары
Жоспар бойынша қауіпсіздік сағаттар
Әр аптаның дүйсенбі күні дәстүрлі түрде 45 минутқа созылған сынып сағаты өткізіледі. Апта дәйексөзі:
“Тіл байлығы - ел байлығы” атты тілдер апталығы
Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы жалпы ата-аналар жиналысы
ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ”
2024 жылдың 24-қыркүйегінде жаңа оқу жылының басталуына орай “Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:
Мектептің ішкі тәртіп ережелері және мектеп формасының сақталуы, балалардың қауіпсіздігі бойынша мектеп директоры З.Ә. Құсаинова;
”Оқушылар жетістіктері” - 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктер туралы директордың бейіндік жөніндегі орынбасары А.А. Асавова;
”Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы” - оқушылардың тәртібі жөнінде директордың ДТЖО Б.Е. Джарылгасова;
”Интернеттің қауіп қатері”. Жасөспірімдер арасында белең алған ғаламтордың зияндылығы жөнінде, суицидке итермелейтін ағымдардан арашалау жөнінде мектеп психологы С.А. Көлдеубаева
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен қылмысқа жол бермеу, кешкі уақыттағы оқушылардың қозғалысын шектеу мәселесі бойынша Жаңаөзен қаласының полиция бөлімінің жасөспірімдер инспекторы полиция аға лейтенанты Е.Халмурзаев айтып өтті.