ЦИФРЛЫ МҰҒАЛІМ - ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ
ЦИФРЛЫ МҰҒАЛІМ - ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ
29.08.2024ж сағат 09:00–де «Цифрлы мұғалім - қазіргі заман талабы» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер бойынша сөз қозғалды:
1. Жаңа 2024-2025 оқу жылында мектепішілік бақылау мен басқару жоспары бойынша алға қойған мақсаттар мен міндеттерді айқындау / Мектеп директоры З.Ә.Құсаинова
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: БҮГІНГІ ТАЛАП ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: БҮГІНГІ ТАЛАП ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
2024 жылдың қыркүйек айының 27-і күні 11 сынып білім алушыларының ата-аналарын 2024-2025 оқу жылындағы ҰБТ-ға байланысты сынақ тесттерінің нәтижесімен таныстыру, ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырудағы өзгерістермен ақпараттандыру және қолдау көрсету мақсатында ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап оның іс әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты.
Білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап оның іс әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Сондықтан, мұғалімге қойылар талаптар ауқымы да үлкен: жеке көзқарасы бар, оны қорғай білетін,психологиялық- педагогикалық білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар оларды шебер қолдана білу, оқушыларды өздігінен оқып үйренуге бағыттау, болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт. Мектебіміздің дарынды балаларымен бірге ғылыми жобалармен жұмыстанып жүрген және кәсіби байқауларға қызығушылығы бар шығармашылық топтың мүшелері «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ақпараттық-аналитика бөлімінің басшысы Есенгалиева Гүлжахан Есенқосқызымен кездесті. Кездесу кезінде мұғалімдер көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікір алмасты.
Дарынды бала-кемелденген ұрпақ
Дарынды бала-кемелденген ұрпақ
Дарынды балалармен жұмыс жасау мұғалімнен үлкен ізденісті, көп еңбектенуді талап етеді. Барлық баланың ерекше қабілетін ашуда психолог мамандардың да зерттеулері маңызды. Ұлы ойшыл Плутарх: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді» деген екен. Осы сөзді ескере отырып, балаларды шығармашылыққа баулуда қажымай –талмай еңбек ету әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, өзінше ерекше ойлау қабілетін, қиындықтан аз күш жұмсап шыға білуді, адамдармен тіл табыса білу өнерін, өзін қоршаған жағдайларға тез икемделгіштікті, сезімталдықты талап етеді.
2024-2025 ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
9-11 сынып жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі қорытындысы
🥇орыс тілі пәні бойынша жүлделі l орын
11-сынып оқушысы Қамидулла Алуа
жетекшісі: Сейдалиева Диана
🥉Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі ІІІ орын Оюса Кәусар, жетекшісі: Урумбаева Ардақ
🥈Информатика пәні бойынша жүлделі lІ орын
10-сынып оқушысы Базарбай Арайлым,
жетекшісі: Базарова Эльмира
🥈Құқық негіздері пәні бойынша жүлделі lІ орын 11-сынып оқушысы Қосай Ұлболсын,
жетекшісі: Махметова Сандуғаш
🥉Құқық негіздері пәні бойынша жүлделі llІ орын 9-сынып оқушысы Төлеген Аружан
жетекшісі: Есимова Жанна
🥈Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі ІІ орын 9- сынып оқушысы Тілекова Мөлдір,
Жетекшісі: Өмірзақова Гүлнұр
🥈Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі ІІ орын 10-сынып оқушысы Ибрахимова Нұршат, жетекшісі: Тініқұл Зияда
🥉Биология пәні бойынша жүлделі ІІІ орын 9-сынып оқушысы Шыршығұл Орал, жетекшісі: Асенова Жанар
🥉География пәні бойынша жүлделі ІІІ орын 9-сынып оқушысы Зинел Бағжан, жетекшісі: Жумагалыева Құралай
Оқушыларымызбен жетекшілерімізді жеңістерімен құттықтай отырып олимпиаданың облыстық деңгейіне сәттілік тілей отырып биіктерден көріне беріңіздер! 👏👏👏 https://www.facebook.com/share/p/18tX7kgWon/
Сүйінші!!!!
9-11 сынып жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңі
9-11 сынып жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңі бойынша;
🥈Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Ибрахимова Нұршат ІІІ орын, жетекшісі: Тініқұл Зияда
https://www.facebook.com/share/p/1A7iNSRzG4/
5-6, 7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2025 жылы 20 қаңтар күні “Мұнайшы” мәдениет үйінде жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық кезеңі бойынша жеңімпаздарды марапаттау жиыны болып өтті.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша N 22 жалпы білім беретін мектеп төмендегідей нәтиже көрсетті:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
5-сынып оқушысы Абдулла Ару - орын
Жетекшісі: Тініқұл Зияда
Математика пәні бойынша:
5- сынып оқушысы Аткелтір Әділ- орын
Жетекшісі: Тиркешова Жамила
Математика пәні бойынша:
6- сынып оқушысы Тіркеш Нұрқанат -🥉 орын
Жетекшісі: Нұрлыбайқызы Дана
Информатика пәні бойынша:
7-сынып оқушысы Тобышбек Нұртілеу -🥈 орын
Жетекшісі: Нетбаева Гауһар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
8-сынып оқушысы Әкім Кәусар -🥈 орын
Жетекшісі: Өмірзақова Гүлнұр
Тарих пәні бойынша:
8-сынып оқушысы Зәмкенова Қырмызы - 🥈орын
Жетекшісі: Есимова Жанна
Биология пәні бойынша:
8-сынып оқушысы Бисенгали Ақсындар -🥇 орын
Жетекшісі: Урумова Қарлығаш. Облысқа жолдама алды. 👏👏
Физика пәні бойынша:
8-сынып оқушысы Коржумбаев Берекет -🥇 орын
Жетекшісі: Исембай Баянсұлу. Облысқа жолдама алды. 👏👏
Химия пәні бойынша:
8-сынып оқушысы Жолдас Нұрқанат-🥉орын
Жетекшісі: Есембекова Жадыра
Математика пәні бойынша:
8- сынып оқушысы Қанатұлы Нұрсәт -🥈орын
Жетекшісі: Дусенбаева Нурджемал
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
8- сынып оқушысы Джетбис Ырысбек -🥉орын
Жетекшісі: Урумбаева Ардақ
Жетекшілер мен оқушыларымызды білім додасында жеткен жеңістерімен құттықтай отырып, олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз! https://www.facebook.com/share/p/1898My2Qxn/
«Дамушы қоғамның басты ресурсы – білімді адамдар ғана емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар»
«Дамушы қоғамның басты ресурсы – білімді адамдар ғана емес, үздіксіз дамуға ден қойған адамдар» (Г.П. Щедровицкий).
Бүгін 31.10.2024 жыл күні №22 жалпы білім беретін мектепте «Кәсіби тәжірибе алаңы» тақырыбында педагогикалық кеңесі стандартты емес форматта өткізілді. Қазіргі заман білім беру мен кәсіби дайындықтың жаңа үлгілерін талап етеді. Педагогикалық еңбектің, білім беру мазмұнының, әлеуметтік-мәдени мән – мәтіндердің тез жаңаруына байланысты жаңа білім мен құзыреттілік алу қабілеті мұғалімдерге де қажет болады. Білім беру мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру үздіксіз сипатта болуы және мектептегі білім берудің жаңа мақсаттарына сай болуы тиіс.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
Ағымдағы жылдың 03 ақпан-07 ақпан аралығында "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" деген курстан өттік.
Ағымдағы жылдың 03 ақпан-07 ақпан аралығында "Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы" деген курстан өттік. Біліктілікті арттырудың бұл курсының ерекшелігі - командамен оқу болды: мектеп директоры Зәуре Құсаинова, мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Назгүл Қожанова, мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Бибиайша Ужазова және көшбасшы мұғалім Мархаба Кажгалиева. Курс тренері Нугербаев Төлеген Кәкімұлы курс материалдарын өте қызықты түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.Оқу командамен болғандықтан жеңіл болды, идеяға идея қосылып, айтылған ойға ой қосылып, курстың белсенді тыңдаушылары болдық. 5 күн аудиториялық кезеңде алған білімімізді мектеп практикасына енгізуге керемет зерттеу жобаларын жүзеге асырдық. Курста білім берудегі қазіргі заманғы трендтер зерделеніп, мектепті білім алушы ұйымға айналдыру жолдары және сол мектепті тиімді басқару, командалар арқылы жүргізу сияқты маңызды мәселелер қамтылды. Соның айғағы ретінде қатысушы 7 мектеп командасының мүшелері «әртүрлі тақырыптағы жобаларды жасап, оны шешу жолдарын қорғап шықты. Ендігі мақсат осы жерде жасалған жобаларды мектепте практикада іске асыру кезеңіндегі жұмыстары болмақ.
ҰБТ байқау сынағы
ҰБТ байқау сынағы
2024/2025 оқу жылына арналған ҰБТ-ге дайындық жоспарына сәйкес 26 қараша күні 11-сынып білім алушылары U-study тест орталығында байқау сынағын тапсырды.
Тестілеуге 30 оқушы қатысты. Орта ұпай-58,7 көрсетті.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
2024 жылдың 26 қараша күні 9-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында ББЖМ бойынша байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 96 оқушы қатысты. Тест тапсырмалары оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 65 сұрақтан құралған жиынтықтан тұрады. Тестілеуге қатысқан оқушылардың нәтижесі бойынша орта ұпай - 42 көрсетті.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШЛІК КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ БАРЫСЫ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
30.10.2024 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы 72-оқушы қатысты. І орын алған оқушылар олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/share/v/Bp6RXe4jNBgZNz6n/
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жүлдегерлерін марапаттау
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне барлығы 69 оқушы қатысты.
І орын – 20 оқушы
ІІ орын - 20 оқушы
ІІІ орын – 17 оқушы
Барлығы: 57 оқушы марапатталды. І орын алған жүлдегерлерге олимпиаданың екінші кезеңіне сәттілік пен жеңіс тілейміз.
https://www.facebook.com/share/p/uLNW1KPoibgzfeMx/
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
05.11.2024 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы 79 оқушы қатысты. І орын алған оқушылар олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/share/p/o6vu4XLU7bUoDfr1/
5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі жүлдегерлерін марапаттау
5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне барлығы 79 оқушы қатысты.
І орын – 12 оқушы
ІІ орын - 22 оқушы
ІІІ орын – 30 оқушы
Барлығы: 64 оқушы марапатталды. І орын алған жүлдегерлерге олимпиаданың екінші кезеңіне сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Жаңаөзен қалалық ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша олимпиада
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл, ҚР мәслихаттарына 30 жыл толуына орай "Ұлт болашағы: Мәслихаттар белесі және Әбіш даналығы" тақырыбында Жаңаөзен қалалық ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға № 22 мектептің 10-11 сынып оқушылары да қатысты. Олимпиада ережесіне сәйкес қалалық кезеңге әр мектептен, әр пәннен 10-11 сыныптан ұпайлары жоғары көрсеткіштегі 3 оқушы қатысады.
Химия пәні бойынша:
Эдилова Айдана 11-сынып оқушысы |
НысанАяжан 10-сынып оқушысы |
Алибек Фариза 10- сынып оқушысы |
Биология пәні бойынша:
Бексұлтан Аружан 10-сынып оқушысы
Қуанышева Ақжонас 11-сынып оқушысы
Мамбетова Алтынай 11-сынып оқушысы
Физика пәні бойынша:
Избасар Диляра 11-сынып оқушысы
Мақсут Қарақат 11-сынып оқушысы
Жангабай Нұрқасым 10-сынып оқушысы
География пәні бойынша:
Ибрахимова Нұршат 10-сынып оқушысы
Абай Нұрсұлтан 11- сынып оқушысы
Абдулла Мөлдір 10-сынып оқушысы
Математика пәні бойынша:
Жалғас Асель 11 сынып оқушысы
Исаханова Әдемай 10-сынып оқушысы
Наурызғали Алима 11- сынып оқушысы
Оқушыларға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз! https://www.facebook.com/share/p/QfZnxv6bmvLYHHSv/
PISA халықаралық зерттеуі бойынша байқау сынағы
PISA халықаралық зерттеуі бойынша байқау сынағы
2024 жылдың 28 қараша күні 8-сынып білім алушылары Edutest.kz платформасында PISA халықаралық зерттеу бойынша байқау сынағын тапсырды. Тестілеуге 92 оқушы қатысты. Тест тапсырмалары оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 33 сұрақтан құралған тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Тестілеуге қатысқан оқушылардың нәтижесі бойынша орташа пайыз - 53% көрсетті.
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ-2025
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ-2025
28 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы филиалының басшысы Койшанова Корпеш Салырбаевна N22 жалпы білім беретін мектепте “Ұлттық бірыңғай тестілеу-2025” тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналысқа 11-сыныптар бойынша 30 оқушы, 10-сыныпта оқитын 33 оқушы, сонымен қатар сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысты.
Жиналыста тестілеуге қатысу ережелері, ҰБТ тапсыру мерзімдері, ұлттық тестілеу орталығына тіркелу, байқау сынақтарын тапсыру, т.б. туралы кеңінен түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа қатысушы педагогтер мен білім алушылар тарапынан ҰБТ-ге қатысты актуалды тақырыптар тұрғысында сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап алынды.